Біздің балабақша туралы

«Ораз-ата» бөбекжай-балабақшасы — балалардың жан-жақты дамуына, қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуіне толық жағдай жасалған мекеме.
Мұнда әр балаға ерекше қамқорлық пен мейірім көрсетіледі. Білікті тәрбиешілер заманауи оқыту әдістемелерін қолдана отырып, бүлдіршіндердің танымдық, шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамытады.

Бүлдіршіндерге біз не береміз?

Білікті тәрбиешілер

Біздің ұжымда бала психологиясын терең түсінетін, өз ісін сүйетін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар әр бүлдіршінге жеке көңіл бөліп, шынайы қамқорлық пен мейірімділік көрсетеді.

ЗАМАНАУИ ТӘРБИЕ

Балалар қызықты ойындар мен практикалық тапсырмалар арқылы меңгереді. Бұл олардың моторикасын, логикасы мен шығармашылық ойлау қабілетін арттырады.

АТА-АНАЛАРМЕН КЕҢЕСУ

Балаңыздың күнделікті жетістіктері, көңіл-күйі және дамуы туралы үнемі ақпарат беріп, ортақ мақсатта бірлесе жұмыс істейміз.

ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРАЛАР

Балабақшамызда үнемі түрлі мерекелік ертеңгіліктер өтіп тұрады. Бұл баланың бойындағы талантын ашып, ортаға еркін бейімделуіне көмектеседі.

Біздің мамандар

МЕДЕТОВА ДИНА МАУЛЕНҚЫЗЫ
МЕДЕТОВА ДИНА МАУЛЕНҚЫЗЫ Әдіскер
МЕДЕТОВА АНАР ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
МЕДЕТОВА АНАР ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ Меңгеруші
КУРМАНБЕКОВА ЗАРИМА НЕМАТУЛЛАКИЗИ
КУРМАНБЕКОВА ЗАРИМА НЕМАТУЛЛАКИЗИ Психолог
0
БҮЛДІРШІН
0
МАМАН
0
ІС-ШАРА
0
ТҮЛЕК

Балабақша үйірмелері

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ

Бұл сабақтар балаңыздың физикалық дағдыларын, ұсақ моторикасын дамытуға және жалпы денсаулығын нығайтуға бағытталған. Сабақтар тәжірибелі мамандардың қатысуымен, балаларға арналған қауіпсіз әрі жайлы ортада өтеді.

  • 7 апта

  • Жетекші Аида Досмағанбет

МУЗЫКА ЖӘНЕ ӘН АЙТУ

Қызықты ойын түрінде музыка, ырғақ және ән айту арқылы балаңыздың шығармашылық әлеуетін ашыңыз. Бұл сабақтар баланың есте сақтау қабілетін, музыкалық есту мүшелерін және коммуникативті дағдыларын жақсартуға көмектеседі.

  • 4 апта

  • Жетекші Риза Сүлеймен

ХОРЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ БИ

Би сабақтары баланың икемділігін, ырғақты сезінуін және дұрыс сымбатын (осанка) қалыптастыруға көмектеседі. Қызықты әрі қимылға толы сабақтарда балалар өз энергиясын тиімді жұмсап, қозғалыс үйлесімділігін дамытады және сахнада өзін еркін ұстауға үйренеді.

  • 6 апта

  • Жетекші Анар Биғали

Біздің галлерея

Біздің балабақшаға тіркеліңіздер!